Жұмыс құралын ауыстыру

Көлемді Bosch керек-жарақтар бағдарламасына жататын түпнұсқа фрезаларды дилеріңізден алуға болады.

Фрезаны орнатудан бұрын алдымен фреза қорабын (2) жетек блогынан (1) ажыратыңыз.

Қатпарлы бұрандаманы (12) фреза қорабында (2) ашыңыз.

Жетек блогын жоғарыға тартыңыз.

Пайдаланылатын фрезаға байланысты фрезаны орнатудан бұрын салмалы гайканы цангалы қысқышпен (8) алмастыру керек.

Егер фрезаңыз үшін тиісті цангалы қысқыш алдын ала орнатылған болса, төмендегі бөлімдегі жұмыс қадамдарын орындаңыз.

Цангалы қысқыш (16) салмалы гайка ішінде азғантай бос орынмен орналасуы керек. Салмалы гайка (8) оңай орнатылуы тиіс . Егер салмалы гайка немесе цангалы қысқыш зақымдалған болса, оны дереу алмастырыңыз.

Айыр тәрізді кілтті (18) құрал бекіткішіне (17) орнатыңыз (C1 суретін қараңыз).

Салмалы гайканы (8) сағат тілінің бағытына қарсы айыр тәрізді кілтпен (19) бұрап шығарыңыз.

Қажет болса, құрастырмас бұрын барлық орнатылатын бөліктерді жұмсақ шүберекпен немесе сығылған ауамен үрлеп тазартыңыз.

Жаңа салмалы гайканы құрал бекіткішіне (17) орнатыңыз.

Салмалы гайканы бос етіп тартыңыз.

  • Қысқышты жаппа сомынмен фреза орнатылған болмаса, ешқашан тартып қоймаңыз. Әйтпесе қысқаш зақымдануы мүмкін.

Фрезаның пайдалану мақсатына байланысты түрлі модельдер мен сапада қол жетімді.

Фреза жылдам кесілетін болаттан дайындалған (HSS) жұмсақ ағаш пен пластик сияқты жұмсақ метариалдарды өңдеуге жарамды.

Қатты құймалы кескішжиекті фрезалар (HM) қатты ағаш және алюминий сияқты қатты және абразивті материалдарға жақсы жарамды.

Bosch керек-жарақтарының кең бағдарламасына жататын айрықша фрезаларды дилеріңізден алуға болады.

Тек аса таза фрезаларды пайдаланыңыз.

Фрезерлеу үшін фреза қорабын (2) жетек блогына (1) қайта орнату керек.

Қатпарлы бұрандаманы (12) фреза қорабында (2) ашыңыз.

Жетек блогын (1) фреза қорабына (2) жылжытыңыз.

Қатпарлы бұранданы (12) фреза қорабында (2) жабыңыз.

Нұсқау: құлақты бұранданы (12) және домалатпа бұранданы (6) бір-біріне алмастыруға болады.

  • Әрқашан орнатудан кейін жетек блогының фрезерлеу қорабында берік тұрғанын тексеріңіз.