Ажарлағыш дискіні алмастыру (A суретін қараңыз)

Ажарлағыш дискіні (13) шығарып алу үшін оны бүйірінен көтеріп, аралық төсемеден (14) тартып алыңыз.

Жаңа ажарлағыш дискіні орнатпас бұрын аралық төсемеден (14) кір мен шаңды, мысалы, жаққышпен тазалап шығыңыз.

Аралық төсеменің (14) үстіңгі беті жабысқақ матадан тұрады, ол ажарлағыш дискілерді жылдам әрі оңай бекітуге мүмкіндік береді.

Ажарлағыш дискіні (13) аралық төсеменің (14) астыңғы жағына берік бекітіңіз.

Оңтайлы шаң сорылуын қамтамасыз ету үшін ажарлағыш дискідегі (13) ойықтардың аралық төсемедегі (14) ойықтарға және ажарлау тәрелкесіндегі (16) саңылауларға сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз.

Нұсқау: қаттылығы орташа ажарлау тәрелкесін (керек-жарақ) пайдаланған кезде, аралық төсем (14) қажет болмайды, ажарлағыш диск (13) ажарлау тәрелкесіне (16) тікелей бекітіледі. Оған қоса ауыстыру әрекеті осы жерде сипатталғандай орындалады.