Шаңды және жоңқаларды сору

Материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Белгілі бір шаң түрлері канцерогенді болып есептеледі.

Шаңсорғышты жалғау (E суретін қараңыз)

Пайдаланылатын шаңсорғышқа байланысты екі жалғау мүмкіндігінің бірін таңдаңыз:

Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.

Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.

Кең беттер үшін GAS 35 L/M AFC немесе GAS 55 M AFC сорғышын қолданыңыз, себебі олар қажетті үздіксіз сору қуатын қамтамасыз етеді.

Электр құралын тік аймақтарда жұмыс істеу кезінде сорғыш шланг төменге көрсететін етіп ұстаңыз.

Шланг/кабель қысқышын монтаждау/бөлшектеу (F суретін қараңыз)

Шланг/кабель қысқышын (24) сорғыш шланг (21) үстінен қайырыңыз. Желілік кабельді шланг/кабель қысқышындағы кабель ойығына салыңыз.

Бөлшектеу үшін шланг/кабель қысқышын (24) сорғыш шлангіден (21) тартып шығарыңыз да, желілік кабельді шланг/кабель қысқышынан суырыңыз.