Пайдалану бойынша нұсқаулар

Тереңдік шектегішімен (15) қажетті бұрғылау тереңдігін X реттеуге болады.

  • Тереңдікті шектеу тірегін орнату түймесін (6) басып, тереңдікті шектеу тірегін қосымша тұтқаға (14) орнатыңыз.
    Тереңдік шектегішінің (15) бұдыр жағы төмен қарап тұруы қажет.
  • SDS-plus-алмалы-салмалы аспабын SDS-plus аспапының ұстағышына тірелгенше жылжытыңыз. Кері жағдайда SDS-plus-аспабының жылжымалылығы бұрғылау тереңдігіне қате орнатылуы мүмкін.
  • Тереңдік шектегішін бұрғы ұшымен тереңдік шектегіші ұшының аралығы қажетті бұрғылау тереңдігіне X тең болғанша тартыңыз.

  • Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады. Осында пайда болатын күш себебінен электр құралын екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта тұрыңыз.
  • Егер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз. Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде жоғары реактивті күш пайда болады.

Жылдам өшіру (KickBack Control) электр құралын жақсырақ бақылауға көмектеседі және осылайша KickBack Control құралынсыз электр құралдарымен салыстырғанда пайдаланушы қорғанысын да күшейтеді. Электр құралы бұрғы осі бойынша кездейсоқ және күтілмеген ретте айналса, электр құралы өшеді, жылдам өшіру индикаторы (20) қызыл түспен жанады және жұмыс шамы (13) жыпылықтайды. Жылдам өшіру функциясы қосылып тұрғанда, күй индикаторы (18) қызыл түспен жыпылықтайды.

  • Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (10) жіберіп, қайта басыңыз.

  • Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып кетуі мүмкін.

Бұранда ұштықтарын пайдалану үшін әмбебап ұстағыш аспап патронымен (керек-жабдықтар) керек болады.

  • Тұтқаның салынатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
  • Айналмалы әмбебап ұстағышты құралды бекіту орнына автоматты түрде бекітілгенше салыңыз.
  • Әмбебап ұстағышты тартып, бекітілуді тексеріңіз.
  • Ұстағышқа шуруптарды бұрап бекіту сақасын (битасын) салыңыз. Тек шуруп басына жарайтын қондырма сақаларды пайдаланыңыз.
  • Әмбебап ұстағышты алу үшін бекіту төлкесін артқа жылжытыңыз және әмбебап ұстағышты құрал ұстағыштан алыңыз.