Кепілдік шарттары
Біздің кепілдік шарттарымызға назар аударуыңызды сұраймыз:
1. Кепілдік шарттары
1.1. ҚР аумағында өндіруші талаптары мен нормаларын ұстану арқылы BOSCH, DREMEL электр құралына кепілдікті қызмет көрсету және жөндеу тек «Роберт Бош» ЖШС, әрі қарай «Роберт Бош» ЖШС сервистік қызметі фирмалық немесе авторландырылған сервистік орталықтарында ғана жасалады.
1.2. «Роберт Бош» ЖШС қызмет көрсету қызметі кепілдік кінәрат-талаптарды келесілер болған жағдайда қарастырады
- Тиісті түрде толтырылған түпнұсқалық кепілдік талон, сондай-ақ
- Сатып алу фактісін растайтын тиісті түрде рәсімделген тұпнұсқалық құжаттар: тауарлық (кассалық) чек, шот-фактура.
Аталған құжаттарда сатушының аты, тауардың атауы мен бағасы және тауар сатылған күні туралы мәліметтер болуы тиіс.
1.3. Кепілдік мерзімі тұтынушыға сату күнінен бастап есептеледі де, келесіні құрайды:
1.3.а. Кәсіби құралға (корпусының түсі - көк) және өлшеу техникасына (корпусының түсі - көк) – 36 ай.
1.3.b. Құралдан жеке сатып алынған кәсіби құрал мен өлшеу техникасына арналған аккумулятор батареялары мен қуаттайтын құрылғыларға да құралдың кепілдік шарттарына тең шарттар қатысты.
1.3.c. Үй шеберлеріне арналған құрал мен өлшеу техникасына және бау-бақша құралына (корпусының түсі - жасыл) – 24 ай. www.MyBosch-tools.com сайтында сатып алған сәттен бастап 4 апта ішінде тіркелген кезде, құрал, аккумулятор батареялары мен қуаттайтын құрылғыдан басқа, құралға кепілдік тағы 12 айға ұзартылады. Құралды кәсіби мақсатта пайдаланған жағдайда кепілдік мерзімі 12 айға дейін қысқартылуға жатады және ұзартуға болмайды.
1.3.d. DREMEL сауда маркасы құралына – 24 ай. Құралды кәсіби мақсатта пайдаланған жағдайда кепілдік мерзімі 12 айға дейін қысқартылуға жатады.
1.4. Кепілдік мерзімі ішінде келесідей ақаулар тегін жөнделеді:
- Сапасыз материал қолданғаннан туындаған зақымдар
- Өндіруші-зауыттың кінәсінен болған жинау ақаулары
BOSCH, DREMEL электр құралдарының қызмет мерзімі 7 жылды құрайды.
2. Кепілдік:
2.1. Механикалық зақымдарға (жарықтар, сызаттар, сынықтар және т.б.) және агрессивті орталар, жоғары ылғалдылық, жоғары температуралар әсерлерінен, электр құралының желдету торларына, жоғары қысымдағы сорғыға бөгде заттардың түсуінен туындаған зақымдарға, сонымен қатар дұрыс сақтамау салдарынан болған зақымдарға (металл бөліктерді тат басу және т.б.). Ішкі және сыртқы механикалық және термозақымдары бар электр кабельдеріне.
2.2. Шамадан тыс жүктеме (нәтижесінде ротор мен статордың істен шығуы және т.б.) салдарынан, пайдалану нұсқаулықтарын ұстанбаудан немесе дұрыс пайдаланбаудан, құралды мақсатына сай қолданбаудан немесе тиісті емес жабдықтарды пайдаланудан туындаған ақаулықтары бар құралдарға.
2.3. Құралдың табиғи тозуына (қорының толық таусылуы, қатты сыртқы немесе ішкі ластануына)
2.4. Табиғи тозуға бейім бөліктерге (бұрышты щеткалар, тісті белдіктер, резіңке нығыздауыштар, тығыздамалар, клапандар және т.б.)
2.5. Ауыспалы керек-жарақтарға (патрондар, цангалар, шиналар, жұлдызшалар, сүзгілер және т.б.) және жұмыс жарақтарына (аралар, бұрғылар, фрезалар, аралау дискілері, пистолеттер, бүріккіш заттар, шлангілер және т.б.);
2.6. Кепілдік мерзімі ішінде «Роберт Бош» ЖШС сервистік қызметінен тыс орында ашылған немесе жөнделген құралға;
2.7. Өшірілген, кетірілген немесе өзгертілген зауыттық нөмірлері бар құралдарға;
2.8. Электр құралына профилактикалық қызметке, мысалы: тазалау, жуу, майлау және т.б.
2.9. Толық қорын тауысқан аккумуляторлық блоктарға таралмайды.
Барлық BOSCH, DREMEL электр құралдарына тұрақты техникалық қызмет көрсетілуі тиіс.
ТҚ кезеңділігі бұрышты щеткалар жинағының қызмет мерзіміне тең. ТҚ жасау бойынша шеберхана жұмысы сервистік орталықтың қолданылатын мөлшерлемесіне сәйкес жүзеге асырылады. Кепілдік міндеттемелер әсеріне жататын ТҚ жасауда анықталған ақаулар тегін, кепілдік берілмейтін ақаулар тұтынушымен келісім бойынша белгіленген тәртіпте жөнделеді.