Негізгі реттеулерді тексеру және реттеу

Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет болады.

Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді.

  • Электр құралын үстелдік дискілі араның жұмыс күйіне  қараңыз Жұмыс күйі (A суретін қараңыз) келтіріңіз.
  • Аралау үстелін (22) 0° ойығына (27) дейін бұраңыз. Иінтірек (26) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс.

Тексеру: (M1 суретін қараңыз)

  • Дайындамада тік кесік сызығын сызыңыз.
  • (17) түймесін басып, манипуляторды тұтқасынан (18) баяу төмен қарай бағыттаңыз.
  • Дайындаманы, ара төсемінің тістері кесік сызығымен бір сызықта болатындай етіп бағыттаңыз.
  • Дайындаманы осы күйде ұстап, манипуляторды баяу қайтадан жоғары қарай бағыттаңыз.
  • Дайындаманы қысып қойыңыз.
  • Лазер сәулесін ауыстырып-қосқыш (36) арқылы қосыңыз.

Лазер сәулесі манипулятор төмен бағытталса да кесік сызығының бүтін ұзындығы бойынша дайындама үстінде орналасуы керек.

Параллельдікті реттеу: (M2 суретін қараңыз)

  • Резеңке қалпақты (50) ашыңыз.
  • Реттегіш бұранданы (51), лазер сәулесі бүкіл ұзындығы бойынша дайындамадағы кесік сызығымен параллель болғанша, арнайы бұрауышпен бұраңыз.

Түзулікті реттеу: (M3 суретін қараңыз)

Түзулікті реттеу үшін «R/L» деп белгіленген саңылаудың астында орналасқан реттегіш бұранда (52) қолданылады.

  • Реттегіш бұранданы (52), параллель лазер сәулесі бүкіл ұзындығы бойынша дайындамадағы кесік сызығымен бір сызықта болғанша, жеткізілім жиынтығындағы оймакілтекті бұрауышпен бұраңыз.

Сағат тілінің бағытына қарсы бір айналым лазер сәулесін сол жақтан оң жаққа, ал сағат тілінің бағытымен бір айналым оны оң жақтан сол жаққа жылжытады.

Манипуляторды жылжыту кезіндегі бүйірлік ауытқуды реттеу: (M4 суретін қараңыз)

  • Бүйірлік резеңке қалпақты (53) ашыңыз.
  • Манипуляторды төмен жылжыту кезінде лазер сәулесі солға қарай жылжыса, реттегіш бұранданы (54) арнайы бұрауышпен сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
    Лазер сәулесі оңға қарай жылжыса, реттегіш бұранданы (54) сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
  • Реттегеннен кейін кесік сызығының түзулігін қайтадан тексеріп шығыңыз. Қажет болса, лазер сәулесін реттегіш бұранданың (52) көмегімен тағы бір рет туралаңыз.

  • Электр құралын қапталдап/бұрышпен кесуге арналған араның жұмыс күйіне қараңыз Жұмыс күйі (A суретін қараңыз) келтіріңіз.
  • Аралау үстелін (22) 0° ойығына (27) дейін бұраңыз. Иінтірек (26) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс.

Тексеру:

Дәл шкаланың (46) 0° белгісі (23) шкаласының 0° белгісіне сәйкес келуі қажет.

Реттеу:

  • Ішпекті (24) алып тастаңыз.
  • Бұранданы (55) жеткізілім жиынтығындағы оймакілтекті бұрауышпен босатып, дәл шкаланы 0° белгісінің бойымен туралаңыз.
  • Бұранданы қайтадан мықтап тартыңыз.

  • Электр құралын қапталдап/бұрышпен кесуге арналған араның жұмыс күйіне қараңыз Жұмыс күйі (A суретін қараңыз) келтіріңіз.
  • Аралау үстелін (22) 0° ойығына (27) дейін бұраңыз. Иінтірек (26) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс.

Тексеру:

Бұрыш индикаторы (47) шкаланың (48) 0° белгісімен бір сызықта болуы керек.

Реттеу:

  • Бұранданы (56) жеткізілім жиынтығындағы оймакілтекті бұрауышпен босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісінің бойымен туралаңыз.
  • Содан кейін қауіпсіздік үшін тиісті реттеудің 45° белгісі үшін дұрыстығын да тексеріп шығыңыз.
  • Бұранданы қайтадан мықтап тартыңыз.

  • Электр құралын үстелдік дискілі араның жұмыс күйіне қараңыз Жұмыс күйі (A суретін қараңыз) келтіріңіз.
  • Аралау үстелін (22) 0° ойығына (27) дейін бұраңыз. Иінтірек (26) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс.

Тексеру: (P1 суретін қараңыз)

  • Бұрыштық калибрді 90°-қа реттеп, оны тіреуіш планка (30) мен ара төсемінің (7) арасында аралау үстеліне (22) орнатыңыз.

Бұрыштық калибрдің бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша тіреуіш планкамен бір сызықта болуы қажет.

Реттеу: (P2 суретін қараңыз)

  • Барлық алты қырлы дөңбек бұрандаларды (39) жеткізілім жиынтығындағы алты қырлы дөңбек кілтпен (5) босатыңыз.
  • Тіреуіш планканы (30), бұрыштық калибр бүкіл ұзындығы бойынша бір сызықта болғанша бұраңыз.
  • Бұрандаларды қайтадан мықтап тартыңыз.

  • Электр құралын үстелдік дискілі араның жұмыс күйіне қараңыз Жұмыс күйі (A суретін қараңыз) келтіріңіз.
  • Аралау үстелін (22) 0° ойығына (27) дейін бұраңыз. Иінтірек (26) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс.

Тексеру: (Q1 суретін қараңыз)

  • Бір бұрыштық калибрді 90° шамасына реттеп, оны аралау үстеліне (22) қойыңыз.

Бұрыштық калибрдің бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша ара төсемімен (7) бір сызықта болуы қажет.

Реттеу: (Q2 суретін қараңыз)

  • Алты қырлы дөңбек бұранданың (57) гайкасын (10 мм) босатыңыз.
  • Алты қырлы дөңбек бұранданы (57), бұрыштық калибрдің бір жағы ара төсемімен бүкіл ұзындығы бойынша бір сызықта болғанша, арнайы кілтпен (3 мм) бұрап кіргізіңіз немесе шығарыңыз.
  • Гайканы қайтадан мықтап тартыңыз.

Бұрыш индикаторы (47) реттеу әрекетінен кейін (48) шкаласының 0° белгісімен бір сызықта болмаса, бұрыш индикаторын сәйкесінше туралау қажет  қараңыз Бұрыш индикаторын (тік) туралау (O суретін қараңыз).

  • Электр құралын үстелдік дискілі араның жұмыс күйіне қараңыз Жұмыс күйі (A суретін қараңыз) келтіріңіз.
  • Аралау үстелін (22) 0° ойығына (27) дейін бұраңыз. Иінтірек (26) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс.
  • Қысқыш тұтқаны (37) босатып, манипуляторды тұтқасынан (18) тірелгенше солға (45°) бұраңыз.

Тексеру: (R1 суретін қараңыз)

  • Бұрыштық калибрді 45° шамасына реттеп, оны аралау үстеліне (22) қойыңыз.

Бұрыштық калибрдің бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша ара төсемімен (7) бір сызықта болуы қажет.

Реттеу: (R2 суретін қараңыз)

  • Алты қырлы дөңбек бұранданың (58) гайкасын (10 мм) босатыңыз.
  • Алты қырлы дөңбек бұранданы (58), бұрыштық калибрдің бір жағы ара төсемімен бүкіл ұзындығы бойынша бір сызықта болғанша, арнайы кілтпен (3 мм) бұрап кіргізіңіз немесе шығарыңыз.
  • Гайканы қайтадан мықтап тартыңыз.

Егер бұрыш индикаторы (47) реттеу әрекетінен кейін шкаланың (48) 45° белгісімен бір сызықта болмаса, алдымен еңіс бұрышы мен бұрыш индикаторының 0° реттеуін тағы бір рет тексеріп шығыңыз. Содан кейін 45° еңіс бұрышын қайтадан реттеп шығыңыз.

  • Электр құралын үстелдік дискілі араның жұмыс күйіне қараңыз Жұмыс күйі (A суретін қараңыз) келтіріңіз.
  • Аралау үстелін (22) 0° ойығына (27) дейін бұраңыз. Иінтірек (26) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс.
  • Қысқыш тұтқаны (37) босатыңыз.
  • Тіреуіш болтты (33) толықтай ішке қарай басып, манипуляторды, болт тіреуіш бұрандамен (32) жанасқанша қайырыңыз.

Тексеру: (S1 суретін қараңыз)

  • Бұрыштық калибрді 33,9° шамасына реттеп, оны аралау үстеліне (22) қойыңыз.

Бұрыштық калибрдің бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша ара төсемімен (7) бір сызықта болуы қажет.

Реттеу: (S2 суретін қараңыз)

  • Тіреуіш бұранданың (32) гайкасын (10 мм) босатыңыз.
  • Тіреуіш бұранданы, бұрыштық калибрдің бір жағы ара төсемімен бүкіл ұзындығы бойынша бір сызықта болғанша, арнайы кілтпен (10 мм) бұрап кіргізіңіз немесе шығарыңыз.
  • Гайканы қайтадан мықтап тартыңыз.