Сақтау функциясы 
Әр орындалған өлшеудің мәні немесе ақырғы нәтижесі автоматты түрде жадта сақталады. Соңғы 10 мән (өлшеу мәні немесе ақырғы нәтиже) сақталады. Егер жад толы болса, ең ескі мән үстінен жазылады. Ең ескі мән жадта 1-орында, ал ең жаңа мән 10 -орында тұрады (10 сақталған мән қолжетімді болса).
- Сақталған мән индикаторын ашу үшін
түймесін басыңыз.
- Ең соңғы мән көрсетіледі.
- Сақталған мәндер бойынша парақтау үшін
немесе
түймесін басыңыз.

Дисплейдің жоғарғы жағында сақталған мәннің нөмірі, ал сол жағында тиісті өлшеу функциясының белгісі көрсетіледі. Жадта ешбір мән жоқ болса, дисплейдің астыңғы жағында "0.000", ал жоғарғы жағында "0" көрсетіледі.
Сақталған мәндерді жою
- Көрсетілген мәнді жою үшін
түймесін басыңыз.
- Сақталған барлық мәндерді жою үшін
түймесін басып тұрып,
түймесін қысқаша басыңыз.

